«Бұл комитеттің жұмысына қатысу мен үшін өте маңызды. Өйткені мұнда еуропалық футболдың дамуына әсер ететін шешімдер қабылданады. Сол тәжірибені Қазақстандағы футболды жүйелі дамытуға пайдалану – басты мақсат. Біз осы мүмкіндіктерді тиімді қолданып, инфрақұрылымды жақсартуға, жас ойыншыларды даярлауға және ұлттық құрамалар жүйесін күшейтуге күш саламыз», – деді Давид Лория.
Давид Лория UEFA HatTrick бағдарламасы комитетінің отырысына қатысты
06 наурыз 2026, 19:59
2024-2028 жылдарға арналған бағдарлама аясында әр ұлттық қауымдастық футболды дамыту жобаларына шамамен 17 миллион еуроға дейін қаржы ала алады. Бірақ бұл қаражат УЕФА талаптарын сақтаған жағдайда ғана бөлінеді. Яғни, басқарудың ашықтығы, бұқаралық футболды дамыту, бапкерлерді оқыту және инфрақұрылымды жақсарту сияқты бағыттар міндетті түрде ескеріледі.
Айта кету керек, бағдарламаның инвестициялық бөлігі Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларды қолдауға да бағытталған.
Жаңалықтар
05 нау., 16:50
28 ақп., 13:31
28 ақп., 12:40
25 ақп., 15:58