Талқылау барысында стадиондардың қай жерде орналасатыны, қанша адамға арналғаны, жалпы инфрақұрылымы және УЕФА талаптарына қаншалықты сәйкес келетіні қарастырылды. Сонымен қатар әр жоба бойынша техникалық шешімдер мен оны іске асыру кезеңдері де талқыланды. Негізгі мақсат – болашақ стадиондар УЕФА талаптарына толық сай келіп, халықаралық деңгейдегі матчтар мен турнирлерді қабылдай алатындай болуы.
УЕФА өкілдері Қазақстандағы стадион жобаларын қарастырады
10 наурыз 2026, 18:00
Қазақстанға УЕФА президентінің кеңесшісі Йозеф Климент және УЕФА-ның стадион инфрақұрылымын дамыту жөніндегі аға сарапшысы Пьетро Кьябрера келді. Сапардың негізгі мақсаты – стадиондарды лицензиялау талаптары мен инфрақұрылым жобаларын талқылау.
Бағдарламаның алғашқы күні Өскемен мен Ақтау қалаларында салынуы жоспарланған жаңа стадиондардың жобалары таныстырылды. Кездесуге аталған нысандардың жобалаушылары мен жауапты мамандары қатысты.
Жаңалықтар
10 нау., 13:00
05 нау., 16:50
28 ақп., 13:31
28 ақп., 12:40