FIFA Series 2026 турниріне аккредитациялау
Айта кетейік, FIFA Series турнирі 25-28 наурыз күндері Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Қазақстан құрамасы 25 наурызда Комор аралдарына қарсы ойнаса, 28 наурызда Кувейт не Намибия құрамаларының бірімен кездеседі.
Турнирге БАҚ өкілдерін аккредиттеуге өтініш 20 наурыз күні 15:00-ге дейін қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кейін түскен өтінімдер қаралмайды.
Аккредитация FIFA Series 2026 турнирінің барлық матчына жарамды болады. Аккредитациялар жеке берілетіндіктен, барлық БАҚ өкілі 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті портреттік фотосуретті қоса тапсыруы тиіс. Әр журналиске аккредитацияға өтінім жеке-жеке kff.kz сайтындағы тиісті бөлім арқылы беріледі.
Аккредитацияға өтінімді қалай беру керек
1. Іс-шараны таңдау (қай матчқа/шараға аккредитацияға өтінім беріп жатқаныңызды көрсету);
2. Аты-жөні (А.Т.Ә.);
3. Электрон поштасы;
4. Телефон нөмірі;
5. БАҚ атауы;
6. Аккредитация түрін таңдау (журналист немесе фотограф);
7. Соңғы жарияланымдарыңыз туралы ақпаратты сілтемесімен бірге көрсету;
8. Құжаттарды жүктеу: жеке куәлік, 3х4 фото, редакциялық хат (фирмалық бланкіде бас редактордың немесе басшының мөрі мен қолы қойылған).
Жоғарыда көрсетілген талапқа сай келмейтін және белгіленген мерзімнен кеш жіберілген өтінімдер қабылданбайды.
Аккредитациялық бейдждер 24 наурызда Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында (Тұран даңғылы, 48) матч алдындағы іс-шара кезінде ғана беріледі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Аккредитациялық бейдждерді үшінші тұлғаларға беру жағдайлары жиі кездескендіктен, фирмалық бланкіде мөрі мен бас редактордың немесе басшының қолы қойылған редакциялық хат міндетті түрде болуы тиіс! Мұндай хатсыз өтінімдер қабылданбайды!
Әрбір редакцияға үш аккредитациялық бейджден артық берілмейді (екі тілші, бір фотограф/оператор).
Баспасөз өкілдеріне арналған жерде орын саны шектеулі, сәйкесінше аккредитациялар да сондай болады. Жіберілген өтінімдер қаралып, қосымша бекітіледі. Бұл туралы қосымша хабарланады.
УЕФА регламентіне сәйкес, телехабар таратушы, ұлттық ассоциацияның операторы немесе команданың техникалық операторы болмаса, басқа БАҚ өкілдеріне матч кезінде бейнетүсірілім жасауға қатаң тыйым салынады.
Байланыс: press@kff.kz