Қазақстан U-21 жастар құрамасының ойындарына аккредиттеу 

Қазақстан U-21 жастар құрамасының ойындарына аккредиттеу 

17 наурыз 2026, 15:30
Қазақстан футбол федерациясының  баспасөз қызметі 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Словакия және Ирландия құрамаларына қарсы ойындарына БАҚ-тарды аккредиттеу басталғанын хабарлайды. 

Аккредитацияға өтінім беру үшін press@kff.kz электронды поштасына немесе +7 705 402 21 23 WhatsApp нөмірінен жазыңыз.

ЕУРО-2027 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы 27 наурызда Словакия, ал 31 наурызда Ирландия құрамаларымен кездеседі. Екі ойын да Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында өтеді. Басталуы – 20:00.

Аккредитациялар ойын күні «Түркістан Арена» стадионында беріледі.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары