Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан құрамасының Норвегияға қарсы өткен матчының билеттері тек онлайн түрде және ойынға үш апта қалғанда толық сатылып кеткенін хабарлайды. Онлайн сатылым кезінде бір сатып алушыға төрт билеттен артық сатылмады. Бұған қоса, міндетті түрде e-mail және байланыс нөмірі көрсетіледі.
Қазақстан футбол федерациясы футзалдан Қазақстан мен Аргентина құрамалары арасында өтетін жолдастық ойынға билеттердің сатылымы басталғанын хабарлайды.
Қазақстан футбол федерациясы футзалдан Қазақстан мен Тәжікстан құрамалары арасында өтетін жолдастық ойындарға билеттердің сатылымы басталғанын хабарлайды.
Қазақстан футбол федерациясы ЕУРО-2025 іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан мен Румыния әйелдер құрамалары арасындағы матчтың билеттері онлайн-сатылымға шыққанын хабарлайды.
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов еурокубоктың 2024/25 маусымында бақ сынайтын клубтардың өкілдерімен видео-жиналыс өткізді.