РАШАД САДЫХОВ «ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛЫ ДАМУДЫҢ ДҰРЫС ЖОЛЫНДА КЕЛЕДІ ДЕП ОЙЛАЙМЫН»

РАШАД САДЫХОВ «ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛЫ ДАМУДЫҢ ДҰРЫС ЖОЛЫНДА КЕЛЕДІ ДЕП ОЙЛАЙМЫН»

04 маусым 2018, 14:24
21 жасқа дейінгі Әзірбайжан жастар құрамасының бас бапкері Рашад Садыхов Қазақстанмен (1:1) ойыннан кейін пікір қалдырды.

– Өте қызықты ойын болды деп ойлаймын. Екі команда да көрнекті ойын көрсетті. Қазақстан да, Әзірбайжан да комбинация арқылы шабуылды ұйымдастыруға тырысты. Нәтижеге көңіліміз толады. Бүгін біздің құраманың қатарында жасыл алаңда бірқатар жас футболшылар болды. Екі құраманың алдында әртүрлі міндет тұр. Қазақстан өз тобында екінші орын үшін талас жүргізіп жатыр. Ал, біз құраманы жаңартуға көштік.

– Төреші белгілеген пенальтимен келісесіздер ме?

– Ойынның бөлігіне пікір айта алмаймын. Төрешілердің жұмысы туралы сөз тартқым  да келмейді. Осы сапардағы жоспарымыздың барлығы орындалды. Көңілім толады. Жолдастық кездесуде нәтижеге көңіл бермейміз. Әрине, әрқашан жеңіске жеткіміз келеді. Алайда, бүгін мүмкін болмады.

– Қазақстан жастар қандай әсер қалдырды?

– Жақсы команда. Топтық кезеңде үшінші орында келеді. Екінші орындағы командадан небәрі бір ұпай кем жинаған. Сіздерге қолдау білдіреміз. Сәттілік тілейміз! Алға қойған мақсатты орындауға мүмкіндік бар деп есептеймін. Футболшылар соңына дейін күресуі тиіс. Соңғы жылдары қазақстандық футбол дамып келеді. Клубтық деңгейде «Астана» үлгі көрсетіп жүр. Қазақстан құрамасы да алға өрлейді. Дамудың дұрыс жолында келе жатырсыздар.
 

Бөлісу
Жоғары