Елордалық футболшылар «Аймақтар Кубогы - 2018» турнирінде жеңіске жетті
Шешуші ойын күні турнирдің жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды. Үшінші орын үшін таласта Жамбыл облысының «Игілік» командасы Алматы облысының «Намыс» командасынан 3:2 есебімен басым түсті.
«Игілік» - «Намыс» - 3:2 (1:0)
Голдар: Өтебаев 38, Абдоллаев 49, 63 - Барзукаев - пенальти 52, - пенальти 90
Тартысқа толы финалда елордалық «СДЮСШОР №8» мен «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры» командалары кездесіп, ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды. Матч соңындағы пенальти сериясында «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры» футболшылары дәлдік танытып, турнир жеңімпазы атанды.
«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры» - «СДЮСШОР №8» - 1:1 (0:1), пен. 6-5
Голдар: Елемесов 53 (автогол) - Исмаилов 20
«Аймақтар Кубогы - 2018» турнирінің қорытындысы бойынша үздік ойыншылар марапатталды:
Үздік қақпашы - Еламан Төлегенов («Игілік»)
Үздік қорғаушы - Константин Цирюк («Қостанай»)
Үздік жартылай қорғаушы - Владислав Кожедуб («Затоболец»)
Үздік шабуылшы - Дәулет Есбергенов («СДЮСШОР №8»)
Үздік футболшы - Дидар Сыдықбек («ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры»)