Астана күнімен!

Астана күнімен!

06 шілде 2018, 08:00
Бүгін - еңселі елорда Астана қаласының 20 жылдығы.

Қазақстан футбол федерациясы барша жанкүйерлерді, елорда тұрғындары мен қала қонақтарын, сонымен қатар, әр қазақстандықты Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтайды.

2006 жылдан бастап жыл сайын 6 шілде күні еліміздің бас қаласының туған күні тойланып келеді. Бүгін еліміздің әрбір азаматы асқақ Астананы мақтан тұтады. Астана күні - елдігімізді ұлықтайтын ерекше мерекеге айналды. Біздің мақтанышымыз, Отанымыздың жүрегі – ару  Астананың жұлдызы әрқашан жарық болсын! Бұл – отандастарымыздың ізгі үміттері ақталып, бақыт жолына бастайтын арман қала.

Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, мол бақыт және береке-бірлік тілейміз! Астана күні құтты болсын!

Бөлісу
Жоғары