Семейде футбол мерекесі ұйымдастырылды

Семейде футбол мерекесі ұйымдастырылды

08 шілде 2018, 15:05
Семей қаласының «Спартак» стадионында футбол мерекесі ұйымдастырылды. Шараны қолға алған Семей қалалық футбол қауымдастығы, «Спартак» стадионының дирекциясы, әуесқой футбол клубтары және қалалық әкімдіктің дене шынықтыру және спорт комитеті.

Футбол мерекесі Астананың 20 жылдығына, «Цементик» командасының 55 жылдығына және Семей қаласының 300 жылдығына арналды. Футбол тойына Семей футболының ардагерлері шақырылды. Олардың арасында Тұрсын Бейсембеков, Равиль Абдувалиев, Анатолий Акулов, Виталий Шевелев және т.б. болды.

Салтанатты шарадан кейін балалар мен жасөспірімдер командалары арасында ойын өтті. Сонымен қатар, шараға қатысушылар қазақстандық футбол музейін аралап, Әлем чемпионатына арналған арнайы көрмені тамашалады.

Бөлісу
Жоғары