Азамат Айтқожин «Астана» футболшыларын құттықтады

Азамат Айтқожин «Астана» футболшыларын құттықтады

19 шілде 2018, 01:56
Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин Чемпиондар Лигасының қарымта кездесуінде сырт алаңда «Сутьеска» командасынан басым түскен «Астана» футболшыларын құттықтады.

- «Астана Арена» стадионындағы жеңістен кейін біздің футболшылар сырт алаңдағы ойынның оңайға түспейтінін жақсы түсінді. Алайда, Қазақстан чемпионы кездесуге тыңғылықты дайындалып, лайықты жеңіске жетті. Еуропа Лигасына қатысып жатқан отандық клубтар жеңісті әрі қарай жалғастырады деп сенеміз. «Астана» футбол клубын жарқын жеңісімен құттықтап, мол табыс тілейміз, - деді Азамат Айтқожин.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары