Станимир Стоилов: «Ертең Латвиямен ойында жинақы футболымен таңғалдырған командаға қарсы қиын кездесу күтіп тұр»
- Ертеңгі ойынға дайындық қалай?
- Команда үшін жеңілістен кейін 2-3 күн қиын болды. Соңғы ойынды ұмытып, Андорраға дайындалдық. Ертең Латвиямен ойында жинақы футболымен таңғалдырған командаға қарсы қиын кездесу күтіп тұр.
- Қазақстан құрамасының капитаны Дмитрий Шомко Андоррамен өткен ойында үш ұпай алу туралы нақты мақсат бар екенін айтты. Қалай қол жеткізуге болады?
- Ертең өз футболымызды ойнаймыз. Ештеңе өзгертпейміз. Шабуыл мен қорғанысты қатар алып жүреміз. Ең бастысы шабуыл шебінде сенімді ойнау. Жеңіске жету үшін барлық амалды қолданамыз.
- Латвиямен өткен ойында Андорра құрамасы қай жағынан таңғалдырды?
- Ең бастысы - Андорра құрамасының ойынды ұйымдастыруы. Футболшылардың ниеті зор. Олар жақсы футбол көрсетті.
- Андорра құрамасынан ертең қандай футбол күтесіз?
- Андорра құрамасы соңғы жылдары өсті. Олар шабуылға шығып, гол соғуға ұмтылады. Алайда, барлығы біздің ойынымызға байланысты болмақ.
- Қазақстан құрамасы Андорраға үш күн бүрын келді. Таулы аймаққа бой үйрету қиын болмады ма? Стадионның жасыл алаңына қатысты пікіріңізді де білгіміз келеді. Біздің футболшыларға кедергі болмай ма?
- Андорра – жақсы мемлекет. Шағын мемлекет үшін стадион да жақсы. Ең бастысы – жасыл алаң сапасының нашарлығы. Таулы аймақтың ауа-райы кедергі болмайды.