Қазақстан Ұлттық құрамасы Латвияға келді

Қазақстан Ұлттық құрамасы Латвияға келді

11 қазан 2018, 22:11
Бүгін Қазақстан Ұлттық құрамасы Ригаға ұшып келіп, алғашқы жаттығуын өткізді.

Астана мен Рига арасындағы жол бес сағаттай болды. Латвия астанасына келген соң команда қаланың орталығына орналасты. Команда кешке алғашқы жаттығуын өткізіп, барлық футболшылар қатысты. 

Ертең Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоиловтің баспасөз мәслихаты мен команданың матч алдындағы жаттығуы жоспарланған. 

Сенбі, 13 қазан күні елорда уақытымен 22:00-де Латвия мен Қазақстан арасындағы ойын басталады. «Qazsport» ойынды тікелей эфирде көрсетеді. 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары