Черногория U-21 - Қазақстан U-21 матчына Финляндия елінің төрешілері тағайындалды

Черногория U-21 - Қазақстан U-21 матчына Финляндия елінің төрешілері тағайындалды

14 қазан, 18:38
Жастар арасында 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі Черногория U-21 мен Қазақстан U-21 құрамалары арасындағы ойында финляндиялық төрешілер қызмет атқарады.

Бас төреші болып Петри Вильянен тағайындалды.  Оның қапталдағы көмекшілері Рику Вихреявуори және Мика Ламппу. Төртінші төреші - Йони Хюютия.

Черногория U21 - Қазақстан U21 матчы 16 қазан күні Никшич қаласындағы «Градски» стадионында өтеді.  Ойын елорда уақытымен 20:00-де басталады.

Бөлісу
Жоғары