Миксу Паателайнен: «Қазақстан құрамасы бізден жылдам»

Миксу Паателайнен: «Қазақстан құрамасы бізден жылдам»

14 қазан, 01:39
Латвия құрамасының бас бапкері Миксу Паателайнен Қазақстанмен өткен ойыннан кейін журналистердің сауалдарына жауап қатты.

- Бүгін ауыр ойын болды. Өз командамның ұйымшылдығын мақтан тұтамын. Қазақстан құрамасы бізден жылдам екенін түсіндік. Сонымен қатар, қазақстандық футболшылар бірге-бір мықты. Бүгінгі ойын және нәтижемен мақтана аламыз.

- Бірінші гол дұрыс соғылды ма?

- Гол соғылған сәтті көрмедім. Футболшылар қолмен ойнағанын айтады. Ол жерде доптың қолға тигені және тимегені маңызды емес. Қорғаушылар сауатты қимылдауға міндетті деп санаймын. Мұндай сәттерде мұқият ойнап, қарсыластың шабуылды ұйымдастыруына мүмкіндік бермеу керек.

- Станимир Стоилов баспасөз мәслихатында өз командасынң жақсы ойнағанын айтып өтті. Келісесіз бе?

- Келісемін. Қазақстан құрамсының гол соғатын сәттері көп болды. Латвия құрамасының ұйымдастырған қауіпті сәттерінде қонақтардың қақпашысы керемет ойнады. Шабуылда жақсырақ ойнауға болар еді. Бүгінгі кездесудегі тең есеп заңдылық деп санаймын.

Бөлісу
Жоғары