Ян Вороговский: «Ел намысы үшін күресеміз»

Ян Вороговский: «Ел намысы үшін күресеміз»

12 қазан 2018, 23:35
Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыншысы Ян Вороговский Латвиямен өтетін ойын алдындағы баспасөз мәслихатына қатысып, журналистердің сауалдарына жауап берді:

- Ертеңгі ойынға дайындық қалай?

- Кездесуге барлығы жақсы дайындықпен келіп отыр. Турнир кестесіндегі қазіргі жағдайға көңіліміз толмайды. Ертең жағдайды жақсартуға тырысамыз. Жасыл алаңға шыққан әр футболшы топтан шығу міндетін орындау үшін жақсы ойнауға ұмтылады. Ел намысы үшін күресеміз.

- Қарсыластың әлсіз және мығым тұстарын атай отыра, Қазақстан құрамасының артықшылықтарына тоқталып өтсеңіз?  

- Деңгейі жоғары турнирде әлсіз команда болмайды. Латвия құрамасының қатарында кәсіби ойыншылар жеткілікті. Алайда, ешқашан ешкімнен қорыққан емеспіз. Жанкүйерлерді ертең тартысты ойын күтіп тұр деп ойлаймын.

- Соңғы уақытта «Қайрат» футбол клубының ойын нәтижесін сынға алушылар көп. Ұлттық құраманың ойынына толық назар аудара алдыңыз ба?

- Әрине, құраманың аты – құрама. Алдағы ойында тек ұлттық құраманың жағдайы туралы ойлаймыз. Ойынға дайынбыз.

Бөлісу
Жоғары