Миксу Паателайнен: «Қазақстанның жылдам әрі шеберлігі жоғары футболшылары бар»

Миксу Паателайнен: «Қазақстанның жылдам әрі шеберлігі жоғары футболшылары бар»

12 қазан 2018, 23:15
Латвия құрамасының бас бапкері Миксу Паателайнен матч алдындағы баспасөз мәслихатында журналистердің сауалына жауап берді:

- Қазақстан құрамасы туралы не айта аласыз? Қарсыластың әлсіз және мығым тұстарын атап өте аласыз ба?

- Қазақстан құрамасы жылдам ойнайды. Команданың негізгі құрамы «Астана» мен «Қайрат» ойыншыларынан құралған. Бір-бірімен ұзақ уақыттан бері ойнап келеді. Қарсылас құраманы бір клуб деп атауға да болады. Біздің құрама ойынға тыңғылықты дайындалды. Қорғаныс пен шабуылды қатар алып жүру қажет. Қазақстанның шеберлігі жоғары ойыншылары бар. Сол себепті қиын ойын күтіп тұр деп санаймын.

- Латвия құрамасы Андоррамен өткен ойында айып алаңын бірнеше рет пас тастады. Алайда, шабуылшылардың гол соғуға мүмкіндігі болмады. Грузиямен болған кездесуде қарымта шабуылға иек арттыңыз. Қазақстанмен ойын жоспары қандай болмақ?

- Қазақстан құрамасымен өтетін ойында ең алдымен қорғаныста жинақы ойнау қажет. Латвия құрамасының ойыншылары шабуылды да ұмытпайды. Қазақстанның жылдам әрі шеберлігі жоғары футболшылары бар. Сол себепті оларға допқа жиі иелік етуге мүмкіндік бермеуге тырысамыз. Біздің футболшылар ертеңгі ойынға тас-түйін дайын. Кездесудің нәтижесі ойынға байланысты болмақ.

Бөлісу
Жоғары