Артур Карашаускс: «Топтың үздігін атап көрсету қиын»
- Осы маусымнан бастап Қазақстан чемпионатына ауыстыңыз. Чемпионат деңгейі қандай? Қазақстан құрамасының ойыншыларымен матч туралы сөйлестіңіз бе? Алдағы ойыннан не күтесіз?
- Қазақстан чемпионатының деңгейі Латвия чемпионатымен бірдей. Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыншыларын танымаймын. Ешкіммен сөйлескен жоқпын. Ойынға дайындық жүріп жатыр.
- Біздің топтың көшбасшысы кім? Грузия? Әлде Қазақстан мен Латвия ма?
- Барлық үш команданың деңгейі бірдей. Топтың үздігін атап атап көрсету қиын. Нағыз талас алда деп ойлаймын. Біздің міндет – әр ойында жеңіске жету.
- Қазақстан үш жыл бұрын Латвияны 1:0 есебімен жеңді. Сол ойын туралы айтылды ма?
- Ол ойын туралы ұмыттық. Ойын тарихта қалды. Біздің командамыз қазір басқа ойыншылардан құралған. Басқа футбол ойнайды. Үш жыл бұрынғы ойынға қайта оралып, сәйкестік іздеудің ешқандай мағынасы жоқ.