Станимир Стоилов: «Ертең жеңіске жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз»

Станимир Стоилов: «Ертең жеңіске жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз»

12 қазан 2018, 23:37
Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов матч алдындағы баспасөз мәслихатында журналистермен кездесіп, маңызды сұрақтарға жауап берді.

- Дайындық оңай болмады. Ұлттық құрамаға шақырылған футболшылардың барлығының денсаулығы жақсы. Ертең біздің команда жақсы ойын көрсетеді деп үміттенемін. Соңғы екі ойында тәуір ойнағанымызбен, нәтиже қанағаттандырмайды. Ертең үздік ойынды көрсетіп,  жақсы нәтижеге қол жеткізуді қалаймыз.

- Қазақстан құрамасының қатарында бір өзгеріс болды. Еркебұлан Тұңғышбаевтың орнын Александр Соколенко басты. Ойыншының алмасуы өзгеріс бере ме?

- Ойынның сапасына әсер етуі ықтимал. Қатардан шығып қалған әр ойыншы ұлттық құраманы күшейте алады. Ал, олардың орнына шақырылған футболшылар бәсекелестікті арттыруға әсер етеді. Ертең өтетін ойында командаға көмектесетін футболшылар бар деп санаймын.

- Ойын алдындағы оқу-жаттығу жиыны қалай аяқталды? Маңызды матч алдында өзгеріс енгізуге қажет деп шешім қабылдадыңыз. Нақты шешім бар ма?

- Ең алдымен футболшылардың денсаулығын қалыпқа келтіруді қолға алдық. Елордалық ойыншылар өткен бейсенбі және жексенбі күндері жасыл алаңға шықты. Оларға артылған жүк ауыр. Қалған футболшылар да қарап қалған жоқ. Уақыттың аздық еткені шындық. Үш-төрт күн ішінде көп жұмыс атқару қажет. Жаңа мәліметтердің көптігі шатастырып жіберу мүмкін. Сол себепті футбол ойнап, оң нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін қарапайым тапсырмалар алға қойылды. Ертең барлығы орындалады деп сенемін.

- Қазақстан мен Латвия құрамалары бірнеше рет жолықты. Соңғы рет Қазақстан құрамасы сырт алаңда 1:0 есебімен жеңіске жетті. Латвия құрамасын қаншалықты зерттедіңіз? Қарсылас қандай?

- Латвия құрамасы Қазақстан сияқты күткен нәтижені көрсеткен жоқ. Андоррадан басым болғаны анық. Грузиямен де тең ойын көрсетті. Жақсы нәтижеге лайық. Латвия құрамасының ойыны қалыптасқан. Ұйымшылдығы ұнайды. Ертеңгі ойынның қалай аяқталатыны өте маңызды.

- Өткен жылы «Астана» футбол клубымен бірге Латвияға келген едіңіз. Сол сапардан не есте қалды?  

- Юрмаланың командасы жақсы ойынымен есте қалды. Сырт алаңда жеңіске жеттік. Қарымта кездесуде қарсыласты бағаламадық. Барлығы біз үшін жақсы аяқталды. Латвия футбол жылдан жылға қарқынды дамып келеді. Жаттықтырушылары жақсы жұмыс атқарып жүр.

- Қазақстан чемпионатында Латвия құрамасының шабуылшысы Артур Карашаускс ойнайды. Оның ойынын бақылап үлгердіңіз бе?

- Ол ойыншыны білемін. Қазақстан чемпионатында жақсы қырынан танылып жүр. Маған Латвия футболшылары ұнайды. Өйткені, олар еуропалық ойын үлгісіне бейімделген, комбинациялық футболды жақсы көреді. Құрметке лайық. Латвия да, Қазақстан да әзірге екінші орынды көздеп отыр. Бірінші орын бізге тәуелді емес. Көшбасшының қателігіне байланысты. Дәл қазіргі уақытта ертеңгі қарсыласпен тең жағдайдамыз.

- Қазақстан құрамасының барлық дерлік ойыншылары ішкі чемпионатта ойнайды. Осы жағдайдың жақсы және жаман жақтарын айтып берсеңіз?

- Бұл сұрақтың екі жауабы бар. Біріншіден, қай чемпионатта ойнайтыны емес, қандай деңгейде ойнайтыны маңызды. Екіншіден, негізгі команданың ойыншылары Еуропа клубтарында доп тепкені жақсы. Олар шеберлігін арттырып, тәжірибе жинай түседі. Мол тәжірибенің арқасында ұлттық құрама алға қойған міндеттері орындай алады. Бізде Қазақстан чемпионатының ойыншылары басым. Сол себепті команда көшбасшыларының ойынына тәуелді.

- Андоррамен өткен ойында ұлттық құраманың негізі «Астана» мен «Қайраттың» ойыншыларынан тұрды. Бұл екі клуб  ішкі чемпионатты бір-бірімен бәсекелес екені рас. Ұлттық құраманың ішінде ойыншылар бөлінбей ме?

- Ешқашан ондай жағдайды байқамадым. Қазақстанда ғана емес, Болгария құрамасында да жұмыс істедім. Оқу-жаттығу жиынына келген футболшылар тек ұлттық құрама туралы ойлайды. Ойлау қабілетінде ғана айырмашылық бар. Барлық футболшы үшін бір ғана бағыт бар. Ол – ұлттық құраманың табысы.

- «Астананың» көп футболшылары Еуропа Лигасында ойнады. Әсіресе, Эрич, Шомко, Постников. Арасында Серікжан Мужиков бар. Ойын кестесінің тығыздығына байланысты оларға қиын болмай ма?

- Ойын кестесі тығыз. Ойынның көп болғаны жақсы деп ойлаймын. Әр ойын сайын футболшы шеберлігін шыңдай түседі. Әрине, шаршауы мүмкін. Алайда, соңғы ойындар да Шомко мен Постниковтің демалғанын көрдім. Аталған футболшылардың барлығы төрт жыл бойы үзіліссіз ойнап келеді. Ел намысын қорғайтын футболшылар жауапкершілікті жақсы түсінеді. Бұл жағынан ешқандай мәселе жоқ.

Бөлісу
Жоғары