«Қайрат» - 2018 жылғы Қазақстан Суперкубогының иегері!

«Қайрат» - 2018 жылғы Қазақстан Суперкубогының иегері!

14 қазан 2018, 16:45
Щучинск қаласында футзалдан Қазақстан Суперкубогы үшін өткен ойында алматылық «Қайрат» пен «Ақтөбе» командалары кездесті.

Алғашқы таймда Дәурен Нұрғожин есеп ашып, «Қайратты» алға шығарды. Екінші таймда Дәурен Тұрсағұлов есепті еселеді. Үшінші голды «Ақтөбе» ойыншысы Асхат Құлбаев өз қақпасына соғып алды. Кездесуге нүкте қойған футболшы – Серік Жаманқұлов. Қорытынды есеп – 4:0.

Марапаттау рәсіміне Қазақстан футбол федерациясы Футзал департаментінің директоры Асқар Әбілдаев қатысты.

АФК «Қайрат» (Алматы) - МФК «Ақтөбе» (Ақтөбе) - 4:0

Голдар: Нұрғожин 4, Тұрсағұлов 24, Құлбаев автогол 27, Жаманқұлов 37

АФК «Қайрат»: Игита - Үмешев, Эдсон, Тайнан, Тайеби, Оразов, Рангел, Сүлейменов (к), Жаманқұлов, Нұрғожин, Есенаманов, Тұрсағұлов, Леннон, Черномордов.

Бас бапкер - Кака.

МФК «Ақтөбе»: Байралиев - Алин, Валенко, Серый, Клинов, Эрик, Иманалин (к), Мадияров, Төреғазин, Ақбалықов, Қарағұлов, Құлбаев, Сорокин, Нулет.

Бас бапкер - Олег Солодовник

Төрешілер: Талғат Қосмұхамбетов, Аслан Галаев (екеуі де - Қостанай), Валерий Салимов, Төрехан Тұрсымбаев (екеуі де - Астана).

14.10.2018. Щучинск. «Жақсы» СК. 450 жанкүйер.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары