Денис Ракель: «Бауыржан Исламхан ерекше есте қалды»
- Латвия құрамасы турнирде бір ғана гол соқты. Шабуыл жүрмей тұрғаны анық. Осы мәселе алдағы екі ойын да шешімін таба ма?
- Әзірге бір гол соқтық. Алайда, ертеңгі ойында қарсыласты қапы қалдыруға тырысамыз. Жиі шабуылға шығып, гол соғуға ұмытылмыз.
- Қазақстан үшін УЕФА Ұлттар Лигасы қиынға соқты. Латвия құрамасында жағдай қалай? Бұрын жақсы ойнайтын еді?
- Маусым айында жаңа бапкер келді. Жұмысты енді ғана бастадық. Бәрі алда деп ойлаймын. Біздің құрамада да жастар көп. Халықаралық ойындарда тәжірибелері аз. Сол себепті ертеңгі ойын үлкен сабақ болмақ. Болашаққа үмітпен қараймыз.
- Ригада өткен ойында Қазақстан құрамасы қандай әсер қалдырды?
- Қазақстан құрамасының футболшылары оң және сол қапталдан көп пас тастайды. Біздің қақпаға осы әдіс арқылы гол соғылды.
- Қазақстан құрамасынан қай ойыншыларды атап көрсете аласыз?
- Бауыржан Исламхан ерекше есте қалды. Латвияда ойнаған Евгений Постниковтың ойынын атап өтуге болады. Орталық алаңда Исламбек Қуат көзге түсті.
- Жақында денсаулығыңыз сыр берген еді. Қазір бәрі жақсы ма?
- Сәл жарақат болды. Қазір өзімді жақсы сезінемін.