Алексей Смертин: «Қазақстан құрамасымен бір топқа түскенімізге қуаныштымын»
- Қазақстан құрамасымен бір топқа түскенімізге қуаныштымын. Мен үшін екі есе жағымды жаңалық. Өйткені, мен Қазақстанмен шекаралас Алтай өлкесінде тудым. Балалық шағымды қазақ жеріндегі әртүрлі турнирге қатысу арқылы өткіздім. Сіздердің чемпионаттарыңызда көптеген ресейлік футболшылар ойнады. Екінші жағынан, қарсыласпыз. Іріктеу кезеңінің екінші ойынында Қазақстанға қонаққа барамыз. Оңай болмайтынын түсінеміз. Топтың көшбасшысы Бельгия деп санаймын. Ресейде өткен Әлем Чемпионатында жақсы ойын көрсеткен команда. Қазақстан құрамасы да іріктеу кезеңінде жақсы нәтиже көрсетеді деп үміттенемін.
- Қазақстандық футбол туралы қандай ақпараттан хабардарсыз?
- Жақында Қазақстанда қонақта болдым. Футбол дамып келе жатқаны көрініп тұр. Қазақстанда жаңа кезеңдегі футболшылар өсіп келеді. Бірнеше жақсы футбол мектептері бар. Алдағы уақытта жетістікке жете алатын саңлақтар пайда болуы тиіс.
- Ресейдің «Уфа» командасында қазақстандық жас футболшы Еркебұлан Сейдахмет ойнайды. Ол туралы не айта аласыз?
- Ол туралы естідім. Алайда, ойынын әлі көрген жоқпын.
- Қазақстан құрамасынан қай футболшыларды білесіз ?
- Басқа ешкімді білмеймін. Ресей құрамасымен өтетін ойындарда жақынырақ танысамыз деп үміттенемін.