17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасын Құлшынбаев пен Ферапонтов жаттықтырады

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасын Құлшынбаев пен Ферапонтов жаттықтырады

30 қаңтар 2019, 11:22
43 жастағы Алмас Құлшынбаев аға жаттықтырушы болып тағайындалды. Оның көмекшісі - Андрей Ферапонтов.

Алмас Құлшынбаев «Қайрат» (Алматы), «Есіл-Богатырь» (Петропавл), «Ақтөбе-Ленто» (Ақтөбе), «Ордабасы» (Шымкент) және «Мегаспорт» (Алматы) футбол клубтарында ойнады. Еліміздің ұлттық құрамасында 12 матч өткізген.

Алмас Жақанұлы жаттықтырушы қызметін 2008 жылы бастады. Алғаш рет алматылық «Мегаспорттың» жастарын дайындаған еді. Кейін «Сұңқар» (Қаскелең), «Спартак» (Семей) және «Жетісу» (Талдықорған) футбол клубтарында бапкер болып еңбек етті.  Өткен маусымда 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болды.

Андрей Ферапонтов еңбек жолында «Цесна» (Алматы), «Іле-Сәулет» (Өтеген Батыр ауылы), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Ордабасы» (Шымкент), «Мақтарал» (Мақтарал ауданы) клубтарында қызмет атқарды. Сонымен қатар, Қазақстан жастар және ұлттық құрамаларында жұмыс тәжірибесі бар.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары