Қазақстан футбол федерациясының Техникалық директоры болып Геннадий Скуртул тағайындалды
1998 мен 2005 жылдар аралығында Молдова футбол федерациясының төрешісі мен инспекторы болды. 2003 жылы Молдова футбол федерациясының жасөспірімдер футбол бөлімін басқарды. Әрі қарай жасөспірім құрама командаларының үйлестірушісі болды.
2006 мен 2008 жыл аралығында Молдова футбол федерациясының бапкерлерді оқыту бөлімі директорының орынбасары, бұқаралық футбол менеджері мен клубтарды лицензиялау жүйесінің спорт сарапшысы болып еңбек етті.
2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Молдова футбол федерациясының Техникалық директоры болып қызмет атқарды. Сонымен қатар, УЕФА-да Техникалық нұсқаушы, бапкерлік білім беру бойынша УЕФА комиссиясының мүшесі және бұқаралық футбол бойынша кеңесшісі қызметін атқарды.
2018 жылдан бастап Геннадий Скуртул Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының кеңесшісі болып, отандық футболды дамытуға үлес қосты.