Исламбек Қуат: «Ел намысы үшін күресеміз»

Исламбек Қуат: «Ел намысы үшін күресеміз»

21 наурыз 2019, 12:19
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат Шотландиямен өтетін ойын алдында баспасөз мәслихатына қатысып, бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарына жауап берді.

-  Шотландия құрамасына қарсы ойын тәжірибеңіз бар ма?

- Ең алдымен Елбасына алғыс айтқым келеді. Барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Біздің құрама Шотландиямен бұрын-соңды кездескен жоқ. Ертең алғаш рет алаңға шығамын.

- Ойын жүйесі мен қарқыны белгілі ме? Ертең қалай ойнаймыз?
- Иә, толық дайындалдық. Бас бапкер маңызды ақпараттардың барлығымен бөлісті.

- Шотландия өткен жылы Ұлттар Лигасында өз тобында жеңіске жетті. Қарсыластың мықты тұстары туралы не айтасыз?

- Жақсы қарсылас. Алайда, біз ешкімнен қорықпаймыз. Ертең ел намысы үшін күресуге алаңға шығамыз.

Бөлісу
Жоғары