Алекс Маклиш: «Ертең жеңіске жететінімізге ешқандай кепілдік жоқ»

Алекс Маклиш: «Ертең жеңіске жететінімізге ешқандай кепілдік жоқ»

20 наурыз 2019, 22:55
Шотландия құрамасының бас бапкері Алекс Маклиш Қазақстан-Шотландия ойыны алдында баспасөз мәслихатына қатысып, журналистердің сауалдарына жауап берді:

- Эндрю Робертсон жарақаты команданың ойынына қаншалықты әсер етеді?

- Өкінішке қарай, Эндрю жарақат алып қалды. Киран Тирни де қатарда жоқ. Жағымсыз жағдай. Алайда, олардның орнын басатын толыққанды ауыстыра алатын футболшылар бар. Сол себепті дайындық жақсы.

- Каллум Макгрегор капитан болғанын естігенде қандай әсерде болды?

- Ол біздің шешімді қуанышпен қарсы алды. Әр футболшы үшін капитанды міндетті атқару үлкен абырой. Каллум командаластарына ықпал ете алады.

- Шотландиялық командалар Қазақстанда ойнаған болатын. Олардан Қазақстан туралы не сұрадыңыз?

- Жақсы сұрақ. Қарсыластың ойынын сараптап, зерттеу жүргізетін мамандарымыз бар. «Селтик» және «Абердин» командаларының бапкерлері және ойыншыларымен жолығып, сөйлестік. Олардан маңызды ақпараттарды алдым.

- Шотландия құрамасы Қазақстанда ұпай жоғалтса, ұят бола ма?

- Кез келген қарсыласқа салмақты дайындық жүргіземіз. Өзге елге барып ойнаған кезде жеңіске ешқандай кепілдік жоқ. Қарсыластың рейтингі төмен болуы да мүмкін. Жақсы ойын көрсетіп, жеңіске жеткіміз келеді. Болжам жасау қиын. Қазақстан құрамасы мен жаңа бапкерді құрметтейміз. Оның Шотландияға қарсы ойнау тәжірибесі бар.

 

Бөлісу
Жоғары