Станислав Черчесов: «Жоғары деңгейде қатарынан екі ойын өткізу қиын»

Станислав Черчесов: «Жоғары деңгейде қатарынан екі ойын өткізу қиын»

25 наурыз 2019, 00:39
Ресей құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов матчтан кейінгі баспасөз мәслихатына қатысты.

- Бүгінгі кездесудегі басты сәттерді атап өтсеңіз. Тактиканы қалай таңдадыңыз?

- Қазақстан құрамасы Шотландияны 3:0 есебімен ұтқан болатын. Осы нәтиже ойынға дұрыс дайындалуға итермеледі. Ойын тактикасын, құрамды таңдау – барлығын ойластырдық.

- Михал Билек тосынсый уәде еткен. Бүгін басқа қорғаушылар ойнап, төрт гол жіберді. Өзгерістерді күттіңіз бе?

- Бапкер бірнеше себептерге байланысты ойыншыларды алмастырды. Жарақат алған футболшылар бар. Сонымен қатар, жоғары деңгейде қатарынан екі ойын өткізуге көп футболшылар шыдамайды.

- Брюссельде өткен ойыннан кейін жеңіске жетуді мақсат қойған едіңіз...

- Турнирдегі ойындарға дайындаламыз. Кейде түсініксіз сұрақтар болады. Әр ойынға дайындалу керек. Қазақстан мен Шотландия ойыны соның айғағы.

Бөлісу
Жоғары