Жамбыл облысы – «Coca-Cola Былғары доп» турнирінің жеңімпазы!

Жамбыл облысы – «Coca-Cola Былғары доп» турнирінің жеңімпазы!

15 мамыр 2019, 16:35
Бүгін елордада 9-11 сынып оқушылары арасында Республикалық «Coca-Cola Былғары доп» турнирінің финалдық кезеңі аяқталды.

Іріктеу ойындары ең алдымен ауыл, аудан және қала аралығында ұйымдастырылып, кейін облыстың үздіктері анықталды.

9-15 мамыр аралығында елордада өткен финалдық кезеңге 17 комада қатысты.

Үшінші орын үшін тартыста Алматы облысының футболшылары Маңғыстау облысының ұжымынан 2:1 есебімен басым түсіп, қола жүлдені иеленді.

Финалда Жамбыл мен Қостанай облыстарының командалары жолығып, тартысты өткен ойын 0:0 есебімен аяқталды. Пенальти сериясында Жамбыл облысының ойыншылары дәлдік танытып, турнир жеңімпазы атанды. Қостанай облысының командасы күміс жүлдені қанағат тұтты.

Турнирдің үздік ойыншылары:

Үздік қақпашы – Нұрдәулет Қожамұратов (Жамбыл облысы)

Үздік қорғаушы – Нұржан Жомартов (Қостанай облысы)

Үздік жартылай қорғаушы – Арназ Қазымбеков (Қостанай облысы)

Үздік шабуылшы – Ерхан Кәрімов (Алматы облысы)

Үздік ойыншы – Әлисұлтан Миллязов (Жамбыл облысы)

Үздік сұрмерген – Бағдат Оразалиев – 12 гол (Алматы облысы)

 

«Coca-Cola Былғары доп» турнирі аяқталғаннан кейін футбол ардагерлері мен журналистер арасында жолдастық матч өтті. Ойын 2:0 есебімен ардагерлердің пайдасына шешілді. Олжас Нұрғалиев екі гол соқты.

Бөлісу
Жоғары