Қазақстан – Сан-Марино матчының билеттерінің онлайн сатылымы

Қазақстан – Сан-Марино матчының билеттерінің онлайн сатылымы

31 мамыр 2019, 15:04
Қазақстан футбол федерациясы 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Сан-Марино матчының билеттерінің онлайн сатылымы жалғасып жатыр.

Қазақстан Сан-Марино матчы 11 маусым күні Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойынның басталуы - 20:00.

Билеттерді www.ticketon.kz. сайтынан сатып алуға болады. Билеттердің құны 500-3000 теңге аралығында.

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі – «Самұрық - Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары