Александр Москаленко: «Үлкен жеңіс емес, сол себепті алға жүру қажет»
- Ойын қиынға түсті. Ұзақ жол жүрдік. Сағат белдеуінің айырмашылығы көп. Ауа-райы да қолайсыздық танытты. 2:0 есебімен алға шығып, әрі қарай гол соғуға ұмтылды. Еуропда есептегі басымдықты сақтап тұру үшін допты ұстап тұрады. Сол себепті кездесудің соңына қарай бір гол жіберіп алдық. Владислав Прокопенко шешуші голды соқты. Футболшылардың ойынына кінә артпаймын. Тактика мен дене даярлығында мәселе бар. Жоғары қарқында 60 минут қана ұстап тұра аламыз. Қазақстан чемпионатындағы ойын тәжірибесінің жоқтығы мен халықаралық кездесулердің аздығы әсер етеді.
- Ойынға тыңнан қосылған футболшылар қаншалықты үмітті ақтады?
- Ойынға жылдам араласты. Алаңнан кеткен футболшылар да өздеріне берілген мүмкіндік пайдаланып, гол соқты және пас берді. Кез келген футболшы ойынға араласуға дайын. Негізі және қосалқы құрам деп бөлмеймін. Олардың арасында Қазақстан Ұлттық құрамасының болашақ мүшелері бар. Әрі қарай дами түсу қажет. Үлкен жеңіс емес. Сол себепті бір-екі күн қуанып, ұмытып кетеміз. Федерация мен жанкүйерлерге алғыс айтамын.
- Черногориямен өтетін келесі ойынға дайындық қалай болмақ?
- Ойыншыларды қалыпқа келтіру қажет. Алдағы ойынға баппен дайындаламыз. Еуропалық ойын үлгісін көрсетуге ұмтыламыз.