Қазақстан жастар құрамасы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындықты аяқтады
04 маусым 2019, 10:28
Кеше, 3 маусым күні 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы екі рет жаттығу өткізді. Ойыншылардың тізімінде өзгерістер бар. Жарақаттарына байланысты Талғат Кусяпов, Артем Попов және Дінмұхаммед Қашкен көмектесе алмайды. Олардың орнына «Тараздың» жартылай қорғаушысы Гаврил Кан, «Астана» ойыншысы Сұлтан Сағнаев пен «Ордабасыдан» Эльхан Астанов шақырылды.
Қазақстан жастар құрамасы Фарер аралдарымен сырт алаңда 6 маусым күні ойнайды. Ал, 11 маусым күні Подгорица қаласында Черногориямен кездеседі.
Жаңалықтар
03 мау., 20:08
01 мау., 20:10
31 мам., 15:04
29 мам., 10:59