Қазақстан Ұлттық құрамасы Талғарда жиналды

Қазақстан Ұлттық құрамасы Талғарда жиналды

01 маусым 2019, 20:10
Бүгін, 1 маусым күні Талғардағы оқу-жаттығу базасында Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыншылары алғашқы жаттығуын өткізді.

Жарақат алып қалған қорғаушы Юрий Логвиненконың орнына алматылық «Қайраттың» ойыншысы Елдос Ахметов шақырылды. Сонымен қатар, Ғафуржан Сүйімбаев мен Дмитрий Шомко сәл жарақат алса, Александр Меркельдің тамағы ауырып қалған.

Михад Билек командасы Бельгия ойынына дейін бес күні дайындалады. 6 маусым күні Қазақстан құрамасы Брюссельге жол тартады. Бельгия мен Қазақстан құрамалары арасындағы ойын 8 маусымнан 9 маусымға қараған түні өтеді. Ойын елорда уақытымен 00:45-те басталады.

11 маусым күні Қазақстан құрамасы «Астана Арена» стадионында Сан-Марино құрамасын қабылдайды. Кездесу жергілікті уақытпен 20:00-де басталады.

 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары