Ұлттық құрама сапындағы өзгерістер

Ұлттық құрама сапындағы өзгерістер

03 маусым 2019, 20:08
Бельгиямен өтетін ойынға Азат Нұрғалиев пен Дмитрий Шомко көмектесе алмайды.

Бүгін біздің команда екі рет жаттықты. Өкінішке қарай, «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Азат Нұрғалиев пен «Астананың» қорғаушысы Дмитрий Шомко еліміздің бас командасының қатарынан кетті. Олардың орнына шымкенттік «Ордабасының» ойыншысы Тимур Досмағамбетов шақырту алды. Ол ұлттық құраманың қатарында бес ойын өткізген. Ал, Ғафуржан Сүйімбаевтің денсаулығы жақсарып, негізгі топқа қайта оралды.

 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары