Қазақстан жастар құрамасы Фарер аралдарын сырт алаңда ұтты
Қазақстан жастар құрамасы ойынның небәрі екінші минутында есеп ашты. Еркебұлан Сейдахмет шығарған пасты Акмаль Бахтияров голға айналдырды. Үзіліске дейін есеп өзгермеді. Екінші таймда жасыл алаңға шыққан Дмитрий Бачек бірден есепті еселеді. Ол командаласы Жан-Әли Пайруз берген пасты қақпа торына дарытты. Кездесудің соңына қарай қарымта шабуылда Фарер аралдары құрамасының ойыншысы Стефан Радосавлевич есеп айырмасын қысқартты. Төреші қосқан қосымша уақытта Дмитрий Бачек берген тамаша пастан кейін Владислав Прокопенко кездесуге нүкте қойды. Есеп - 1:3.
Фарер аралдары U-21 - Қазақстан U-21 - 1:3 (0:1)
Голдар: Радосавлевич 84 - Бахтияров 2, Бачек 67, Прокопенко 90+4
Фарер аралдары U-21: Эйдстейнссон (Қ), Ольсен, Никласен (Йохансен 68), Б. Петерсен (К), Хенриксен, Андреасен, Юстинуссен, М. Якобсен (Радосавлевич 77), Миккельсен (Гиссинг 77), Я. Самуэльсен (Х. Самуэльсен 84), П. Петерсен
Бапкер - Эли Ханце
Қазақстан U-21: Сейсен (Қ)(К), Сагнаев, Орынбасар, Адахаджиев (Кан 82), Наджарян, Сейдахмет (Скворцов 87), Бахтияров (Бачек 66), Пайруз (Прокопенко 87), Әліп, Өміртаев (Кәрімов 66), Турсынбай
Бапкер - Александр Москаленко
06.06.2019. Тофтир, Сванскаард