Қазақстан-2 мен Армения құрамалары тең түсті

Қазақстан-2 мен Армения құрамалары тең түсті

24 тамыз 2019, 14:36
Футболдан Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогының алғашқы ойынында Қазақстанның екінші құрамасы мен Армения футболшылары 2:2 есебімен тең тарқасты.

Алғашқы голды Армения құрамасының капитаны Юрий Колозян соқты. Бірінші таймның ортасына қарай алаңға шыққан Құдайберді Нарқұлов үзіліске дейін таразы басын теңестірді.

Кездесудің 75-минутында Қазақстанның шабуылшысы Әлішер Рахымжанов командаласы Зикролло Султаниязовтың пасын голға айналдырды. Ойынның соңғы минутында Армения шабуылшысы Артур Серобян қорғаушылардың қателігін пайдаланып, гол соқты. Қорытынды есеп – 2:2.

Ойынның үздік ойыншысы атағын Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Юрий Колозян иеленді. Футболшыға ҚР Президенті Кубогының серіктесі «Volkswagen» компаниясының арнайы жүлдесі табысталды.

Армения - Қазақстан-2 - 2:2 (1:1)

ГолдарЮрий Колозян 16, Артур Серобян 90+2 - Құдайберді Нарқұлов 41, Әлішер Рахымжанов 75;

Ескерту: Роман Чирков 52;

Армения: Рафаэл Манасян (Николай Асланян 63), Степа Мкртчян, Эдгар Тамазян (Айк Речелян 63), Спартак Айрапетян, Эрик Симонян (Гор Аракелян 72), Самвел Акопян (Левон Варданян 58), Самвел Самвелян, Саргис Саакян (Артур Серобян 63), Карен Галстян, Карен Оганесян (Микаэл Асланян 60), Юрий Колозян (Тигран Саргсян 46);

Қазақстан-2: Темірлан Анарбеков, Руслан Ташметов, Сұлтан Асқаров, Рүстем Ғабдрахманов, Жалғас Арапов, Жаннұр Көкеев, Ислам Русланұлы (Әли Әбдібек 60), Роман Чирков (Зикролло Султаниязов 72), Кирилл Лавренюк (Құдайберді Нарқұлов 27), Әлішер Рахымжанов (Анатолий Козлов 87), Мирас Амантаев (Александр Мрынский 73);

Төрешілер: Никита Утробин, Самат Жарылқасынов, Бақытжан Жолдас, Мансұр Сайдоллаев (барлығы - Қазақстан);

24.08.2019. Нұр-Сұлтан, Футбол үйі. 250 жанкүйер.

Бөлісу
Жоғары