Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Литваны ұтып, Президент Кубогының финалына шықты
Алмас Құлшынбаев шәкірттері ойында 3:2 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қатарында Абзал Қалау екі рет көзге түсті. Тағы бір голды шабуылшы Данил Анкудинов соқты. Ал, Литва құрамасынан Недас Юргис Шимкутис пен Армандас Кучис мергендік танытты.
Матчтың үздік ойыншысы - Қазақстан-1 құрамасының жартылай қорғаушысы Абзал Қалау. Футболшыға ҚР Президенті Кубогының серіктесі «Volkswagen» компаниясының арнайы жүлдесі табысталды.
Литва - Қазақстан - 2:3 (1:1)
Голдар: Недас Юргис Шимкутис 18, Армандас Кучис 83 - Абзал Қалау 28, 49, Данил Анкудинов 79
Ескерту: Таутвидас Шпиегис 53, Наглис Палюшис 90+2 - Ғалымжан Кенжебек 66, Арсен Азатов 76, Әсет Кончиев 86
Литва: Юлий Вирвилас, Наглис Палюшис, Таутвидас Шпиегис, Метинас Абромавичюс (Максим Андреев 56), Матас Гасинас (Арнас Концюс 79), Грантас Яселишнас, Эмилис Гасинас, Гвидас Гинейтис (Элияс Багдонавичюс 36), Эрнестас Бурдзилаускас (Домантас Вайчекаускас 54), Армандас Кучис, Недас Юргис Шимкутис (Томаш Гульбицки 54);
Қазақстан-1: Сұлтанбек Досаханов, Егор Ткаченко, Александр Широбоков, Арсен Азатов, Асқар Сатышев, Данил Сомов, Вадим Яковлев (Дмитрий Филиппов 84), Абзал Қалау (Әліби Мұхит 84), Муроджан Халматов (Әсет Кончиев 70), Данияр Дулатов (Данил Анкудинов 46), Ғалымжан Кенжебек (Диас Құшқынбаев 70);
Төрешілер: Нұрлан Ақынжанов, Әлішер Мыңбаев, Самат Жарылқасынов, Бақытжан Жолдас (барлығы - Қазақстан)
26.08.2019. Нұр-Сұлтан, Футбол үйі.