Тәжікстан жасөспірімдер құрамасы Президент Кубогының финалына шықты
Қазақстандық футболшылар кездесудің 28-минутында есеп ашқан болатын. Шабуылшы Әлішер Рахымжанов пенальтиден мүлт кетпеді – 1:0.
Екінші таймда тәжік қорғаушысы Рахматшох Рахматзода таразы басын теңестірді. Ойынның соңына қарай шабуылшы Мухаммадварис Сайдалиев өз командасын алға шығарды.
Матчтың үздік ойыншысы - Қазақстан-2 құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков. Футболшыға ҚР Президенті Кубогының серіктесі «Volkswagen» компаниясының арнайы жүлдесі табысталды.
Қазақстан-2 - Тәжікстан - 1:2 (1:0)
Голдар: Әлішер Рахымжанов - пенальти 28 - Рахматшох Рахмадзода 55, Мухаммадворис Сайдалиев 83
Ескерту: Жалғас Арапов 38, Зикролло Султаниязов 62, Құдайберді Нарқұлов 63, Сұлтан Асқаров 69, Анатолий Козлов 90+1 - Хусрав Тоиров 47
Қазақстан-2: Темірлан Анарбеков (Ақай Сарбағышев 35), Рүстем Ғабдрахманов, Сұлтан Асқаров (Анатолий Козлов 85), Руслан Ташметов, Александр Мрынский (Кирилл Лавренюк 63), Жалғас Арапов (Владислав Кравченко 46), Жаннұр Көкеев, Роман Чирков (Зикролло Султаниязов 56), Құдайберді Нарқұлов (Әли Әбдібек 76), Мирас Амантаев (Ислам Русланұлы 75), Әлішер Рахымжанов;
Тәжікстан: Сафармад Гафоров, Рахматшох Рахмадзода, Иноятулло Шахриер (Фахреддин Ахматов 46), Абдурауф Мехрубони, Хукмеддин Шомуродов, Айни Алиджони, Аббас Андалибов, Хусрав Тоиров (Курбонали Муродов 90+2), Кабир Салимшоев (Муджовид Шовайсудинов 70), Абдуфаттохи Худойдодзода (Сунатулло Азизов 61), Мухаммадворис Сайдалиев;
Төрешілер: Андрей Марсал, Алексей Долгих, Мансұр Сайдолаев, Бақытжан Жолдас (барлығы - Қазақстан);
26.08.2019. Нұр-Сұлтан, Футбол үйі.