ҚФФ мен РФО жолдастық матч өткізді
Ойынды жақында ғана 100 жылдығын атап өткен «Пионер» стадионы қабылдады.
Қазақстан футбол федерациясы құрамында Азамат Айтқожин, Талғат Байсуфинов, Асқар Әбілдаев, Марат Еслямов, сондай-ақ Ресейде тұратын қазақстандық футбол ардагерлері Максим Низовцев пен Андрей Тётушкин ойнады.
Ал, Ресей футбол одағының құрамы Андрей Аршавин, Андрей Тихонов және Дмитрий Хлестов, сонымен қатар, бас хатшы Александр Алаевтан тұрды.
Кездесу 8:7 есебімен Ресей футбол одағының жеңісімен аяқталды. Ойынның үздік ойыншысы атағы хет-трик авторы Андрей Аршавинге бұйырды. Кездесуде төрт гол соққан Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин де үздік ойыншы атағын алды.
Ойыннан кейін Қазақстан футбол федерациясы футбол ардагері Максим Низовецвті туған күнімен құттықтап, сүйікті 11 нөмірлі жейдені сыйға тартты.
фото - Шапаев Михаил / РФО