Луис де ла Фуэнта: «Үш ұпай - жақсы нәтиже»
- Ойын нәтижесіне көңіліміз толады. Алайда, жеңіс оңай келген жоқ. Жаңа ойыншылардан жиналған құрамамен жұмыс істеп жатырмыз. Сол себепті қиындықтар кездесті. Қазақстан құрамасының ойынын бақылау да қызықты болды. Жақсы әрі жылдам ойын. Біздің мақсатымыз - ойынды жақсарта түсу.
- Алғашқы ойын көңіліңізден шықты ма?
- Нәтиже қанағаттандырады. Алайда, алғашқы ойынымыз. Ең бастысы үш ұпай - жақсы нәтиже. Алайда, ойынның өрбігені ұнамады.
- Қазақстан қақпасына бір ғана гол саламыз деп ойладыңыз ба?
- Қазақстан жақсы жағынан көрсетеді деп күтпедік. Сіздің құрамаңыздың қуаты мол. Қарсыласымыздың физикалық дайындығы мықты болды. Пенальтиден гол жібергеніне қарамастан, өз ойынын жалғастырды.
- Карлес Аленьяны неге алмастырдыңыз?
- Басқа ойыншыларға мүмкіндік бергім келді.