Александр Москаленко: «Испания сынды командамен ойнау арқылы тәжірибе жинауға болады»
- Мұндай ойынға пікір білдіру қиын. Қарсыластың мықтылығын мойындау керек. Ең алдымен футболшылар мен жаттықтырушылар штабына алғыс айтқым келеді. Футболшылар ойынға қойған нұсқауды толық орындады. Сонымен қатар, стадионға жиналып, қолдау көрсеткен жанкүйерлерге мың алғыс. Олар қиын сәтте қол ұшын созды.
- Кездесудің 40-минутына қарай біздің команда ойынды қолға ала бастады...
- Футболшылардың бойында үрей болса, онда бапкер кінәлі. Соңына дейін жігер бермеген шығармыз. Бұрын-соңды жібермеген қателіктер болды. Алайда, қарсыласымыз - Испания. Жылдамдығы сұмдық. Біздің футболшыларға ойлануға уақыт бермеді. Олар жылдам шешім қабылдайды.
- Сейдахметке не болды?
- Тамағы ауырып қалды. Ең бастысы - футболшының денсаулығы. Сол себепті тәуекелге бармаймыз.
- Пенальтиге қатысты сұрақ бар ма?
- Қандай бапкердің көңілі толады? Бір емес екі пенальти. Пікір білдіргім келмейді.
- «Ғарышпен» ойнағандай әсер болмады ма?
- Әрине, Испания әлемнің үздігі. Жылдамдығы да жоғары. Франция мен Германия құрамаларын оңай ұтады. Нәтижеге көңілім толмайды. Алайда, футбол тамашалауға қаншама жанкүйер жиналды. Испания сынды командамен ойнау арқылы тәжірибе жинауға болады.