Қазақстан қыздар құрамасы Франция футболшыларын Шымкентте қабылдады
Біздің қыздар бірінші таймды жақсы ойнап, тең аяқтады. Екінші таймда Франция құрамасы деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Кездесудің 58-минутында Валери Говен есеп ашты. Әрі қарай қарсыластың капитаны Эжени Ле Соммер есепті еселеді. Ойынға тыңнан араласқан Мари-Антуанетт Катото кездесудің нәтижесін түйіндеді. Қорытынды есеп - 0:3.
Қазақстан - Франция - 0:3 (0:0)
Голдар: Говен 58, Ле Соммер 70, Катото 89.
Ескерту: Власова 75
Қазақстан: Железняк, Қожахмет (Демидова 74), Хайрулина, Әйтімова, Нұрышева (Вылданова 66), Кәрібаева, Бортникова (Тұрлыбекова 90+1), Бабшук, Мясникова (К), Жұмабайқызы, Власова.
Резерв: Сандалова, Исмаилова, Демидова, Вылданова, Бекпенбетова, Сатлер, Тұрлыбекова.
Бас бапкер - Рәзия Нүркенова.
Франция: Буадди, Ренар, Торран, Каршауи, Георо, Ле Соммер, Мажри (Катото 68), Диани (Д. Каскарино 61), Говен (Ассайи 83), Бильбо, МБок Бати.
Резерв: Дюран, Пейро-Маньен, Де Алмейда, Тункара, Клермон, Дали, Тиней, Дебеве, Моррони.
Бас бапкер - Корин Дьякр
Төрешілер: Лаура Рапп, Юлия Магнуссон, Йилан Тахер, Сара Перссон (барлығы - Швеция)
08.10.2019. Шымкент. Қажымұқан атындағы стадион. 1193 жанкүйер.