Кака: «Топтан шығу мүмкіндігі бір пайыз болса да, жүз пайыз күш салуға дайынбыз»

Кака: «Топтан шығу мүмкіндігі бір пайыз болса да, жүз пайыз күш салуға дайынбыз»

03 ақпан 2020, 17:50
Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2020 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеуінде Румыниямен (1:3) өткен ойынды қорытындылады:

– Ойында ешкім күтпеген нәтиже тіркелді. Біздің команда алаңда үстемдік орнатып, жанкүйерлерге ұнайтын ойынды көрсетуге тырысты. Гол соғатын бірнеше сәттерді пайдалана алмадық. Кез келген команда да сәтсіз ойындар болады. Қазақстан құрамасының ойынына әр бапкердің, әр жанкүйердің көңілі толады деп айта аламын. Менің ойыншыларым бар күш-жігерін салып ойнады. Алайда, бізге сәттілік жетіспеді. Нәтижеден сабақ шығарамыз. Топтан шығу мүмкіндігі бір пайыз болса да, жүз пайыз күш салуға дайынбыз.

Бөлісу
Жоғары