Футзалдан студент қыздар арасында жарыс басталды

Футзалдан студент қыздар арасында жарыс басталды

20 ақпан 2020, 20:55
Қазақстан Футбол федерациясының қолдауымен елімізде футзалдан студент қыздар арасында жарыс басталды. Жарыстың мақсаты - қыздар футболының деңгейін көтеру. ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұлттық ғылыми-тәжірибе орталығы да жарысты ұйымдастыруға атсалысты. 

Алғашқы болып іріктеу кезеңін Қарағанды, Атырау, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары өткізді. Алдағы уақытта студент қыздар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Алматы және Ақмола облыстарында сынға түседі. 

Турнирдің финалдық кезеңін 2020 жылдың 25 наурызы мен 2 сәуірі аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Сайран Арена» спорт кешені қабылдайды.

Бөлісу
Жоғары