Футзалдан Қазақстан қыздар құрамасының 2021 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Футзалдан Қазақстан қыздар құрамасының 2021 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды

14 ақпан 2020, 08:35
Екінші рет ұйымдастырылып жатқан футзалдан қыздар арасындағы Еуропа Чемпионаты алдын-ала және негізгі іріктеу кезеңдерінен тұрады. Жарысқа 24 құрама қатысады. Олардың ішінде Гибралтар мен Босния және Герцеговина құрамалары алғаш рет сынға түседі.

Қазақстан құрамасы алдын-ала іріктеу ойындарына қатысады. Бұл кезеңнің ойындары 2020 жылдың 5-10 мамырына жоспарланған. Жеребе қорытындысы бойынша біздің қыздар С тобына түсті. Қарсыластары - Бельгия және Гибралтар (жарысты қабылдайды).

Алғашқы іріктеу кезеңінде өз тобында жеңіске жеткен командалар негізгі іріктеу кезеңіне бірден жолдама алған 13 командаға қосылады. Еуропа Чемпионатының негізгі іріктеу кезеңінің топтары да анықталды. Алдын-ала іріктеу жолындағы С тобының жеңімпазы Украина, Финляндия және Чехиямен тартысқа түседі. Бұл кезеңнің ойындары 2020 жылдың 1-6 қыркүйегінде өтеді. 

Бөлісу
Жоғары