Әділбек Жақсыбеков: «Қазақстан құрамасы жеңісті жолды жалғастырады деп сенемін»

Әділбек Жақсыбеков: «Қазақстан құрамасы жеңісті жолды жалғастырады деп сенемін»

06 ақпан 2020, 00:48
Қазақстан Футбол федерациясының Президенті Әділбек Жақсыбеков әлем чемпионатына шыққан футзалдан Қазақстан құрамасын құттықтады.    

Қазақстан Ұлттық құрамасы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алып, кезекті табысына қол жеткізді. Элиталық кезеңнің шешуші сынында Чехиямен жолыққан біздің ойыншылар жақсы ойын өрнегін көрсетіп, айқын жеңіске жетті. 

Ойыншыларды іріктеу кезеңіне дайындаған жаттықтырушылар штабының да ерен еңбегін атап өткен жөн. Қазақстан құрамасы жеңісті жолды жалғастырады деп сенемін. Төрт жыл сайын өтетін дүбірлі додаға жақсы дайындықпен келеді деп санаймын.

Жаттықтырушылар штабы, ойыншылар мен әкімшілік қыметкерлердің барлығына алғыс айтамын! Мыңдаған жанкүйерлер ұлттық құраманың жеңісін күтті! Алға, Қазақстан! - деді Жақсыбеков. 

Бөлісу
Жоғары