Қыздар арасындағы ел чемпионатына БЖСМ №7 командасы қатысады

Қыздар арасындағы ел чемпионатына БЖСМ №7 командасы қатысады

21 ақпан 2020, 16:42
Футболдан қыздар арасындағы Қазақстан Чемпионатына қатысатын жаңа команда белгілі болды. Шымкент қаласының №7 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің командасы жаңа маусымда бағын сынамақ. 

Шымкент қаласында Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық, балалар мен жасөспірімдер және қыздар футболының директоры Ерлан Жамантаев пен №7 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жетекшісі Бауыржан Түлкиевпен кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша №7 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жанынан қыздар командасы құрылып, 2020 жылғы футболдан Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысатына болды.

БЖСМ №7 командасы жаңа маусымда «БИІК-Қазығұрт», «Оқжетпес», ОБЖСОРМ №8 және «Қызыл-Жар СК» командаларымен тартысқа түспек.

Бөлісу
Жоғары