Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері мен ойыншылары үздіктер тізіміне енді!

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері мен ойыншылары үздіктер тізіміне енді!

21 наурыз 2020, 15:14
Футзал бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Кака, ойыншылары Игита мен Тайнан 2019 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің ең үздіктеріне берілетін Futsalplanet Awards жүлдесінің үміткерлері атанып отыр.

Бас бапкер Кака осы номинация бойынша 2018 жылы екінші орын алған.

Қақпашы Игита үш рет әлемнің ең үздік қақпашысы атанды (2015, 2016 және 2018 жылдары).

Тайнан алғаш рет аталмыш жүлдеге қатысып отыр.

Futsalplanet Awards марапатының қорытындысы 2020 жылдың 26 ​​наурызында белгілі болады.

Бөлісу
Жоғары