БҰҰ мен ДДСҰ, ФИФА және ҚФФ үйде белсенді және сау болуға шақырады

БҰҰ мен ДДСҰ, ФИФА және ҚФФ үйде белсенді және сау болуға шақырады

15 сәуір 2020, 15:26
Әлемдік қауымдастықтағы ең ірі бірлестіктер ауқымды медициналық науқанды жалғастырды.

Әлем COVID-19 індетімен күнделікті күресіп жатқан уақытта #BeActive (белсенді болу) және #HealthyAtHome («Үйде сау болу») жаһандық халықаралық жоба бірге көмектесуге шақырады.

ДДҰ ересектерге күніне кем дегенде 30 минут, ал балаларға 60 минут жаттығу жасауды ұсынады. #BeActive және #HealthyAtHome үйден шықпай-ақ сау болу үшін келесі кеңестерді ұсынады:

1. Онлайн жаттығу;

2. Би билеу;

3. Белсенді компьютерлік ойындарды ойнау;

4. Секіру;

5. Күш пен епті жаттығулар.

 

«Футбол әлем мен бейбітшіліктің даму жолында үлкен қолдау көрсетіп келеді. Баршаңызда осы қиын уақытта үйде болуға шақырамыз. ФИФА бәсекеден бас тартып, барша футбол қауымдастығы мен ассоциацияларды осы науқанға қолдау көрсетуге шақырып, коронавирусты жеңу жолында ынтымақтастық белгісін көрсетті. Бұл бүгінгі емес, әр күнгі маңызды сабақ», - деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.

«Баршамызға барлығы түсінікті болуы қажет: бірінші байлық – денсаулық. ФИФА-ның жүргізіп жатқан науқанын БҰҰ мен ДДСҰ қолдады. Футбол қауымдастығы да үндеудің жаһандық деңгейде таралуын қамтамасыз етуде белсенді рөл атқарады. Командалық рух және керемет көңіл-күйдің арқасында бірге жеңіске жетеміз», - деді ФИФА президенті Джанни Инфантино.

«БҰҰ отбасының мүшесі саналатын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы физикалық және психологиялық денсаулықты сақтауды насихаттау жолында ФИФА және әлемдегі футбол жанкүйерлерімен ынтымақтастық маңызы зор екенін айтады. Науқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының адамдарға үйде сау болуына көмектесу жөніндегі міндеттемесін қолдайды», - дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры, ғылым директоры Тедрос Адхан Гебрейюс.

 

Әлемдегі денсаулық ұраны:

«Қазіргі уақытта тіпті қарсыластар да бірге болуы тиіс. Біз қашықтықты сақтап, белсенді болғанымыз абзал. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауларын басшылыққа ала отырып, белсенді өмір салтын ұстану қажет».

 

БҰҰ, ДДСҰ, ФИФА және ҚФФ әлемде салауатты өмір салтын насихаттау үшін ынтымақтастықты дамытады, қолдайды және жалғастырады!

#BeActive #BizBirgemiz #AlgaQazaqstan #HealthyAtHome

Бөлісу
Жоғары