OLIMPBET-футболдан Қазақстан чемпионаты қайта жалғасады!

OLIMPBET-футболдан Қазақстан чемпионаты қайта жалғасады!

17 тамыз 2020, 15:00
Ертең қазақстандық футбол клубтар ұлттық біріншіліктің ойындарын қайта жалғастырады. Ойындардың басталу уақыты мен тағайындалған төрешілердің тізімі төменде көрсетілген.

OLIMPBET-футболдан Қазақстан чемпионаты 2020 жылдың 18 тамызынан бастап қайта жалғасады.

Мемлекеттік органдардың талабымен ойындардың барлығы арнайы медициналық хаттаманың ережелеріне сәйкес қатаң бақылауда өтеді.

Аталған құжат жарыстарды қабылдайтын спорт ғимараттарында санитариялық-эемидемиологиялық режиді қатаң сақтау үшін жүргізілетін жол картасы болмақ.

Қазіргі уақытта ойындардың барлығы «Алматы/Талғар» локациясында жанкүйерлерсіз өтеді.

Стадиондарда жұмыс істейтін қызметкерлердің саны да шектеулі болмақ.

Ел чемпионатына қатысатын әр клуб өзгелермен жақын қарым-қатынас орнатпай, карантин режимінде қонақүйде орналасуға жауапты болмақ.

Ойыншылар мен бапкерлер, сонымен қатар, жарысты ұйымдастыруға қатысатын басқа да адамдар коронавирус індетін анықтайтын сынақты үнемі тапсырып отырады. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қадағалайды.

 

OLIMPBET-ФУТБОЛДАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ IV ТУР

Төрешілер мен инспекторларды тағайындау

Ойындардың басталу уақыты

 

18.08.2020 «Каспий» (Ақтау) – «Қайрат» (Алматы) 17:00

Төрешілер: Денис Тевяшов (Орал), Денис Лабашов (Атырау), Юрий Тихонюк (Ақтөбе)

Резерв төреші: Бағдат Абдоллаев (Қаратау)

Инспектор: Сергей Цареградский (Алматы)

 

18.08.2020 «Жетісу» (Талдықорған) – «Ордабасы» (Шымкент) 19:00

Төрешілер: Артём Кучин (Қарағанды), Серік Жаппасбаев, Ғалымжан Айжігітов (екеуі де - Қызылорда)

Резерв төреші: Данияр Сахи (Қызылорда)

Инспектор: Нұржан Доскеев (Алматы)

 

18.08.2020 «Тараз» (Тараз) – «Қызыл-Жар» (Петропавл) 21:00

Төрешілер: Рүстем Омаров, Сергей Васютин, Самат Тергеусізов (барлығы - Алматы)

Резерв төреші: Тимур Кумашев (Нұр-Сұлтан)

Инспектор: Александр Перемитин (Алматы)

 

19.08.2020 «Шахтёр» (Қарағанды) – «Қайсар» (Қызылорда) 18:00

Төрешілер: Денис Измайлов (Талдықорған), Евгений Бельский (Тараз), Иван Навроцкий (Нұр-Сұлтан)

Резерв төреші: Айдын Рахымбаев (Алматы)

Инспектор: Виталий Каган (Алматы)

 
IV турдағы «Тобыл» (Қостанай) – «Астана» (Нұр-Сұлтан) матчы елордалық клубтың УЕФА Чемпиондар лигасына қатысуына байланысты 25.08.2020 ауыстырылған.

Ойындардың барлығы, сонымен қатар, 18 тамыздан 19 тамызға қараған түні УЕФА Чемпиондар Лигасындағы «Динамо» (Брест, Беларусь) – «Астана» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) матчы «Qazsport» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

 

 

Бөлісу
Жоғары