Қазақстан футбол федерациясының президенті еурокубок ойындарына қатысатын отандық командаларға үндеу жасады

Қазақстан футбол федерациясының президенті еурокубок ойындарына қатысатын отандық командаларға үндеу жасады

18 тамыз 2020, 19:30
Бүгін түнде қазақстандық футбол клубтарының Еуропаның құрлықтық турнирлеріндегі жорығы басталады.

УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде «Астана» футбол клубы алғашқы ойынын өткізеді. Осы ойынның қарсаңында Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділбек Жақсыбеков отандық футбол клубтарына сәттілік тіледі.

«Қазақстан чемпиондарының ойыншылары мен бапкерлері Беларусь елінің «Динамо Брест» командасына қарсы ойынның маңыздылығын жақсы түсінеді.

«Астана» командасының жақсы нәтижесі еліміздегі еурокубок ойындарына қатысатын қалған футбол клубтарына жақсы қарқын бермек.

«Қайрат», «Ордабасы» және «Қайсар» футбол клубтары қазақстандық футбол жанкүйерлеріне қуаныш сыйлайды деп үміттенемін.

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласының қарсыластары оңай деп айтуға болмайды.

Біздің футболшылар жеңіс үшін бар күш-жігерін салады деп үміттенемін.

Еуропа Лигасында алғашқы ойынын өткізетін қызылордалық «Қайсардың» орны бөлек. Қызылорда футболшылары халықаралық аренаның ойындарына тыңғылықты дайындық жүргізуде.

Барша қазақстандық футбол клубтарына жақсы ойын мен оң нәтиже тілеймін!»

 

Қазақстан футбол федерациясының президенті         Әділбек Жақсыбеков

Бөлісу
Жоғары