«Оқжетпес» және «Каспий» клубтарына айыппұл салынды

«Оқжетпес» және «Каспий» клубтарына айыппұл салынды

27 тамыз 2020, 15:30
Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитетінің кезекті отырысы өтті.

Тәртіптік-бақылау комитетінің шешімдері OLIMPBET-футболдан Қазақстан Республикасы Чемпионатының 5 және 6 турының матчтары бойынша қабылданды. 

 
5 тур 

«Астана» (Нұр-Сұлтан) - «Оқжетпес» (Көкшетау)

Бір матчта бес ойыншысы ескерту алғаны үшін «Оқжетпес» футбол клубына 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Айыппұл 2020 жылдың 27 қыркүйегіне дейін төленуі тиіс. 

Шешім ҚФФ Тәртіп ережесінің 48-бабының 1-тармағына сәйкес қабылданды.

 

6 тур 

«Каспий» (Ақтау) - «Қайсар» (Қызылорда)

Бір матчта алты ойыншысы ескерту алғаны үшін «Каспий» футбол клубына 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. 

Айыппұл 2020 жылдың 27 қыркүйегіне дейін төленуі тиіс. 

Шешім ҚФФ Тәртіп ережесінің 48-бабының 1-тармағына сәйкес қабылданды.

Бөлісу

Жаңалықтар

18 там., 10:00
Жоғары